Халық қалауынан туған өзгеріс

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ селекторлық режимде облыстық референдум комиссиясының бірінші отырысын өткізді. 5-маусымда өтетін референдумға дайындық жайы пысықталып, оны өткізудің құқықтық негіздері түсіндірілген жиында Приозерск, Қаражал қалалары, Қарқаралы, Ұлытау аудандарының аумақтық референдум комиссияларының төрағалары атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.

Облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі На- риман Есебаевтың айтуынша, қазір орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысушылардың тізімін қалыптастыруда. Егер дауыс беру құқығына ие адамдардың, яғни, 11 өңірдің тұрғындарының жартысынан артығы дауыс берсе, референдум өткен болып есептеледі. Оның барысында бір ғана мәселе, яғни, Ко ституцияға өзгерістер енгізу қарасты- рылады. Бұл жерде Ата Заңға өзгеріс енгізу – толығымен халықтың еркіне байланысты.

6 мамырда басталған үгіт-насихат жұмыстары 4 маусымда 00:00 сағатта аяқталады. Дауыс берушілер өздерін тұрғылықты жерлері бойынша референдумда дауыс берушілер тізімінен тексере алады. Ал, дауыс беру 5 маусымда таңғы жетіде басталып, кешкі онға дейін жалғасады. Ал, дауыс беру, әдеттегідей, бюллетень арқылы жүзеге асырылады.

Нариман ЕСЕБАЕВ, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Бюллетеньде «Қазақстан Рес­ публикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ болады. Бұл ретте азаматтар сұрақтың оң жағындағы «иә» немесе «жоқ» жауап нұсқаларының жанындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды. Ұсынылған жауаптардың екеуіне дебелгі қойған бюллетеньдер де жарамды болып саналғанымен, дауыс беру кезінде есепке алынбайды.

Дауыстарды есептеуге және нәтижесін анықтауға екі күн уақыт беріледі. Референдум қорытындысы дауыс бергеннен кейін жеті күн ар лығында жариялануы керек.

Конституцияға өзгерістер енгізу 12 блоктан тұратынын айтады Нариман Оразбекұлы. Оның біріншісі – жердің халыққа тиесілі болатындығы. Демек, оның қазба байлықтарының бәрі халықтікі. Ал, мемлекет оны басқарушы ғана. Бұл ретте жекеменшіктегі жерлерге қатысты ешқандай өзгерістер болмайтынын айту керек. Ондай жерлерді меншік иелері өздері ғана басқарады.

Демократиялық қоғамға жасалған қадамның бірі ретіндегі тағы бір өзгеріс елімізде бұған дейін әскери жағдай кезінде ғана қолданылып келген өлім жазасынан түбегейлі бас тартуы. Айта кету керек, дамыған елдерде жазаның ең ауыр түріндегі өлім жазасы Конституцияларында белгіленген.

Ата Заңға енгізілуі тиіс өзгерістің тағы біреуі – соттардың шешімімен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшінмәжбүрлі еңбек, яғни, қоғамдық жұмыстар.

– Бүгінде мәжбүрлі еңбек қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Әлемдік тәжірибе әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қоғамдық жұмыстармен жазалау оң нәтиже беретінін көрсетті. Мәселен, шетелде бұзақылық жасағанға жаза – мәжбүрлі еңбек. Осындай модель біздің елде де енгізілуі мүмкін. Осылайша, қоршаған ортаны ластаған адам қоғамдық жұмысқа тартылатын болады. Бұл өз кезегінде қоғам үшін де, 5 айлық есептік көрсеткіш түріндегі айыппұл төлейтін адам үшін де тиімді болмақ. Яғни, отбасы бюджеті зардап шекпейді, – дейді Нұрлан Оразбекұлы.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер қатарында Президент лауазымына қатысты шектеулер де бар. Одан бөлек, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен Президент тағайындауы да тағы бір өзгерістердің бірі.

Өзгерістердің тағы бірі – Сенат депутаттарының қатарына енгізілген өзгерістер. Яғни, өзгерістер қабылданған жағдайда бұрынғыдай он бес емес, он депутат болса, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша сайланады. Бұл – өзгерістердің бір бөлігі ғана.

Отырыс барысында жоғарыда аталған аудан және қалалардың аумақтық референдум комиссияларының төрағаларының есептері тыңдалып, тиісті нұсқаулар берілді. Ерқара Аймағамбетов, әсіресе, жұмыс барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінуі керектігін баса айтты.

– Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Заңына сәйкес, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге енгізілетін өзгерістерге қатысты өз пікірлерін, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білдіру құқығына кепілдік беріледі. Ал, үгіт-насихат жүргізу барысында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге жол берiлмейдi, – дейді Ерқа- ра Балқараұлы.

Облыстық референдум комиссиясының келесі отырысында өзге аудан және қалалардың дайындықтары қаралатын болады.

Референдум бойынша облыстағы 777 учаскеде 5 мыңға тарта комиссия мүшесі жұмыс жасайтынын айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ.