Референдум

Ертелетіп келгендер қарасы қалың

Қарағандыдағы №15 мектепте орналасқан №93 референдум учаскесіне келген қала тұрғыны Мария РАИСОВА конституциялық реформаға қатысты дауыс берді.

Қазақстан алға қадам басып келеді. Мен өз таңдауымды жасадым. Тарихи оқиғаның бел ортасында жүргеніме қуаныштымын. Ең маңыздысы – осы, – дейді қуанышын жасыра алмаған Мария Сергеевна.
№93 учаскеде 2350 адам сайлаушы тіркелген. Көпшілігі ертемен, яғни, сағат 07.00-ден бастап таңдауларын жасаған. Учаске комиссиясының төрағасы Жанат Ботабекова дауыс берушілер өз таңдауларын жасауға асығуда екенін айтады.
Учаске ашылған сәттен бастап, келушілер қарасы қалың. Кейбір дауыс берушілер жұмысқа бармай тұрып, таңдауларын жасап үлгеру үшін ертелетіп келгендерін айтуда. Осыдан-ақ, тұрғындардың келешекке сенімдерін көруге болады, – дейді Жанат Кенжебекқызы.
Бақылаушылар да аталған учаскеде ешқандай заңбұзулықтар болмағанын айтады.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button