Қарағанды қаласында Ерубаев көшесі бойында автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда. Жол жабынының тозуы, жарықтардың пайда болуы және беткі қабаттың бүлінуі салдарынан оның техникалық жағдайын жақсарту әрі пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданған.

Қазіргі уақытта Лиханов көшесінен Нұркен Әбдіров даңғылына дейінгі аралықтағы жұмыстар толық аяқталды. Жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын жоба Сәтбаев көшесінен Новосёлов көшесіне дейінгі аумақты қамтиды.

Жоба шеңберінде жол жабыны жаңартылып қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолдары қалпына келтіріліп, жол жиектері ауыстырылуда. Сонымен қатар, автотұрақ алаңдарының жабындары да жаңартылып жатыр.
Қазіргі кезде мердігер ұйым Нұркен Әбдіров даңғылынан Новосёлов көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.
Жанерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті



