ШетАймақРуханият

Қарағанды облысында «Талды-2026» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

2026 жылғы 12 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданындағы «Талды тарихи-археологиялық паркінде» халықаралық деңгейдегі «Талды – 2026: қола дәуірінен орта ғасырларға дейін» атты ғылыми-практикалық көшпелі конференция ұйымдастырылады.

Конференцияның басты нысаны – әлем ғалымдарының қызығушылығын тудырған бірегей археологиялық ескерткіш – «Қаражартас пирамидасы». Аталған нысанның тарихи-мәдени маңызы халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Халықаралық жиынға Қазақстанмен қатар Венгрия, Германия, Түркия, Ресей және Татарстаннан археологтар, тарихшылар, музейтанушылар мен реставраторлар қатысады. Басқосу барысында қола дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі кезеңдерді қамтитын тарихи-археологиялық зерттеулер талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасады.

Конференция бағдарламасы аясында халықаралық семинар-тренингтер, археологиялық экскурсиялар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлерге арналған блог-тур ұйымдастырылады. Жоба қорытындысында «Талды» тарихи кешені туралы деректі фильм түсіріліп, арнайы подкасттар сериясы әзірленеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Талды – 2026» ғылым мен тарихты тоғыстыратын, Қазақстанның бай тарихи мұрасын әлемге танытатын маңызды халықаралық алаңға айналмақ.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Байланыс телефондары:

* Жанболат Мажитов – 8 (705) 314-87-83
* Аяулым Шораева – 8 (747) 507-67-17
* Ботакөз – +7 775 525 8804.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button