Қарағандының жас дзюдошылары халықаралық аренада топ жарды
Аустрияның Грац қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында Қарағанды облысының спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Халықаралық додаға 34 елден 21 жасқа дейінгі 617 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен қарағандылық дзюдошылар екі қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі Руслана Махатова (+78 келі) мен жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Глеб Азаров (90 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Екі спортшы да «Jenys» кәсіби дзюдо клубының мүшелері. Олар халықаралық жарыста сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан мен Қарағанды облысының абыройын асқақтатты
Қарағандылық дзюдошылардың жеңісі – жастар спортындағы жүйелі жұмыстың жемісі әрі өңірдегі жаңа буын спортшылардың әлеуетін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
Сәнерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ студенті



