Спорт

Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын бірінші орын алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет Туризм және спорт министрлігінен

Жарыс Осло қаласында өтті. Турнирге Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украинадан келген әлемнің ең мықты шахматшылары қатысты. Бибісара қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен, әлем рейтингінде жоғары тұрған Чжу Цзиньэрмен, тәжірибелі үндістандық шахматшы Хампи Конерумен және басқа да танымал спортшылармен бақ сынасты.

Бұл турнир Бибісараның алғашқы дебюты болды. Соған қарамастан ол өз шеберлігін көрсетіп, мықты қарсыластарын артта қалдырды. Жарыс екі айналымдық жүйемен ұйымдастырылды, яғни әр қатысушы қарсыластарымен екі реттен кездесті.

Кейбір партиялар тең аяқталған кезде жеңімпаз арнайы «Армагеддон» ойыны арқылы анықталды. Осындай тартысты кездесулерде Бибісара сенімді ойын көрсетіп, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.

Арнұр ҚАУАЗХАНОВ
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті 

Басқа материалдар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button