Бас тақырыпСпорт

Қарағандылықтар Азия чемпионатында жеті алтын медаль жеңіп алды

Түркістанда жастар мен жасөспірімдер арасында өткен байдарка мен каноэде есу бойынша Азия чемпионатында Қарағанды облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өңір құрамасы 7 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Суреттер облыс әкімдігінен

17 елден 350-ге жуық спортшы қатысқан құрлық біріншілігінде қарағандылықтар Қазақстан құрамасының жалпы жетістігіне елеулі үлес қосты. Турнирде Дмитрий Холмогоров үш алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленсе, Вероника Трапезникова үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ Алексей Ширман алтын жүлде жеңіп алды. Мария Карманова күміс медальға ие болса, Ульяна Иванова екі қола, Денис Кленин бір қола медаль еншіледі.

Облыстың аға жаттықтырушысы Владимир Петровтың айтуынша, бұл нәтиже – спортшылардың жүйелі дайындығы мен қажырлы еңбегінің жемісі. Сонымен қатар ол Түркістандағы жаңа есу арнасының халықаралық талаптарға сай екенін атап өтті.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button