Қарағандылық Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде топ жарды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсинборг қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасында ұйымдастырылған жарыста қазақстандық спортшы жоғары шеберлік танытып, бірнеше елдің мықты қарсыластарын жеңді. Турнир барысында Алан Швеция, Венгрия, Үндістан, Польша және Дания өкілдерінен басым түсіп, финалдық кезеңге жолдама алды.
Шешуші кездесуде Құрманғалиев польшалық Самуэль Михнамен кездесіп, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы халықаралық додада алтын медаль иеленіп, турнир чемпионы атанды.
Бұл жеңіс Алан Құрманғалиев үшін маңызды жетістік саналады. Өйткені, чемпиондық атақпен қатар спортшы әлемдік рейтингке есептелетін 1000 ұпайға ие болды. Бұл көрсеткіш оның халықаралық рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сәнерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ студенті



