Біз туралы

Мәліметтер

Сайт атауы: Ortalyq.kz

Меншік иесі: “Saryarqa Aqparat” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Директор: Қайрат Жүнісұлы ӘБІЛДА

Жаңаруы: тәулік бойы

Редакция мекен-жайы: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй,  5, 7 қабаттар.

Телефон: 8 (7212) 43-31-77;

E-mail: info@ortalyq.kz;

http://ortalyq.kz ақпарат агенттігіне 2018 жылдың 20 желтоқсанында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінің №17402-ИА куәлігі берілген.

 “Ortalyq Qazaqstan” газеті туралы 

Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті.1931жылғы 4 қазаннан бастап шығып келеді. 2006 жылы облыс жұртшылығы газеттің тұңғыш номері шығуының 75 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Кеңестік кезеңде облыстық, қалалық парткомның, қалалық, облыстық аткомның органы болды, тәуелсіздік жылдары құрылтайшысы – облыс әкімінің аппараты. Қарағанды таскөмір бассейнінің қауырт игеріле бастауына байланысты бастапқыда «Қарағанды пролетариаты» деп аталған. Қарағанды облыс орталығына айналғаннан кейін 1938 ж. «Советтік Қарағанды» деген ат алды. 1963 ж. 1 мамырдан – «Орталық Қазақстан».

Газеттің негізін қалауға қазақтың көрнекті жазушылары Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев, С.Ерубаев елеулі үлес қосты. 1933-35-жылдары С.Мұқанов, Б.Майлин (бірнеше рет) Қарағандыға арнайы келіп, шахтерлер өмірінен шығармалар жазды, редакция қызметкерлеріне баға жетпес көмек көрсетті. Газет 1943 ж. ақындар айтысының қайтадан жандануына ұйтқы болды. Қазақ журналистикасының белгілі қайраткерлері Ж. Орманбаев, Т.Нұртазин, Ә.Қарағұлов, К.Үсебаев, Б.Тәйкіманов, Ә.Бөлдекбаев, Р.Сағымбеков, А.Ахметәлімов, Н.Оразбеков, М.Сембай әр жылдары осында басшылық қызметте болды, жас қаламгерлерді тәрбиеледі. Өзінің 90 жылдан астам даңқты тарихында газет республиканың индустриалды жүрегі – Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жазып көрсетуде көрнекті табыстарға жетті.

1981 жылы басылымның 50 жылдығы құрметіне Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

2001 жылы басылым газеттерді безендіруге арналған «Жаңа ғасыр жарнамасы – 2001» республикалық конкурсында жүлделі орынға ие болды.

2002 жылы газет «Тәуелсіздік жылнамасы» мақалалар тізбегі (1991-2001 ж.ж.) үшін Қазақстан Журналистер одағының республикалық шығармашылық бәйгесінің лауреаты атағын алды.

2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

Газет аптасына 3 рет (сейсенбі-4 бет, бейсенбі-6 бет, сенбі-8 бет) шығады.

Back to top button