Руханият

Асыл мұра

Қазақ тілі – қасиетті, қастерлі, құдіретті тіл. Халқымыз жақсы сөзді жанына азық еткен, рухани байлығы санаған. Атқан оқтан қаймықпаса да, жүйелі, жетелі сөзге тоқтай білген. Қазақтың екі ауыз сөзі ердің құнына бағаланған. ХVІІІ ғасырда ел басына күн туып, қалмақ хандығында тұтқында қалған мыңдаған адамды Қаз дауысты ҚАЗЫБЕК БИ сөзге шешендігінің, тілінің қылыштай өткірлігінің арқасында жаудың көмейіне құм құйып, құтқарып алған еді ғой.

Есімі елге әйгілі, атақты түркітанушы В.Радлов «Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбінесе іліп-қағып, сұрақ пен жауап беруге келгенде таң қаларлықтай оралымды сөйлейді» деп баға берген. Қолға қалам алдырған академик, ғалым Марат Әбсеметовтің «С.Сейфуллин – Председатель Совета Народных Комиссаров Казахстана» атты кітабының 114- бетінде қазақ тілі жайында жазылған мына жолдар еді. Кітап орыс тілінде жазылғандықтан үзіндіні сол қалпында бергенді жөн көрдім.

«О развитии и широком применении казахского языка.

Казахский язык принадлежит к группе тюркских языков, это один из основных языков Великого Шелкового пути. На языке древних казахов говорили царица Томирис, предводитель гуннов Атилла, Чингисхан и Тамерлан. Александр Невский и Иван Калита, польский король Ягайло и литовский князь Витовт. Ходивший за три моря Афанасий Никитин, мусульманин по вере, свои сокровенные мысли излогал не тюркском языке. Даже судевные процессы в эпоху средневековой Армении проходили на кипчакском языке. Тюркский язык в эпоху Золотой Орды выполнял роль официального и межнационального. До реформ Петра Первого тюркский язык считался родным у запоражских и донских казахов, бывших кочевников Великой Степи. Для развития казахского языка много сил отдал первый просветитель казахской степи Жангир хан.

С поэзией Абая и словом А.Байтурсынова казахи встретили двадцатый век. Горячий клич Миржакипа Дулатова «Оян, қазақ!» нашел отклик в далекой Японии и близкой Турции.

На казахском языке читал молитву у могилы своей матери в Каркаралинске русский генерал Лавр Корнилов.»

Қазақ тілі рухы мықты ата-бабалардың өмір сүрген кезінде әлемдік тілдер қатарынан орын алған екен. Халқына қызмет еткісі келетін, ұлтын сүйетін әр азамат осыны естен шығармаса, нұр үстіне нұр болар еді.

Ұлы жазушы Ғ.Мүсірепов «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады», – деген екен.

Кеудесінде қазақтың қаны бар егеменді еліміздің әр азаматы патриот болуы керек. Асыл мұра – тілімізді сақтау, шашау шығармай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – қастерлі міндетіміз.

Салтанат КАРЖАСОВА,

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button