Теміртау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында жылдағыдай жаз мезгілінде “10 бос бөтелке тапсыр да – балмұздақ ал” экологиялық шарасы өтуде. Және бұл бөтелкелер пластиктен жасалған болуы тиіс.

Бүгін қалада өткен осындай экологиялық акцияға жастар мен балалар белсене қатысты. Олар шара барысында босаған 2100 пластик бөтелкені жинап, қайта өңдеуге тапсырды.

Ал оның есесіне оларға 500 дана балмұздақ таратылып, берілді.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



