Ұлттық қорғаныс университетінің түлектеріне диплом табысталды
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің «Бас штаб академиясы» факультеті түлектері мен докторанттарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, күштік құрылымдардың өкілдері, әскери ардагерлер және түлектердің туыстары қатысты. Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу орнын тәмамдаған офицерлер мен докторанттарға диплом табыстап, олардың елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.
Іс-шара барысында түлектер атынан үздік диплом иегері полковник Ержан Ембергенов сөз сөйлеп, оқу орны ұжымына алғыс айтты. Салтанатты рәсім Орталық әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтіп, қонақтар Әскери-тарихи музейді аралады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



