АймақБас тақырып

Қарағанды облысында биыл 500 шақырымға жуық жол жөнделеді

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл өңірде шамамен 500 шақырым автожолды, төрт көпір мен бір жол өткелін жөндеу және реконструкциялау жоспарланған.

Суретті түсірген Мағжан Құдайберген

Қазіргі уақытта Есіл және Шерубай-Нұра өзендері арқылы өтетін көпірлер қайта жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар, Саран – Шахтинск және Шахан – Жаңаталап бағыттарындағы автожолдарды күрделі жөндеу жалғасуда.

Облыстық маңызы бар жолдардың 13 учаскесінде жалпы ұзындығы 84 шақырымды қамтитын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал республикалық маңызы бар жолдардың тоғыз учаскесінде 280 шақырым жолды жаңарту көзделген.
Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға да басымдық беріліп отыр. Бірқатар учаскелерде автоматты бақылау жүйелері, жаңа бағдаршамдар мен жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылуда. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық жобада сапа мен мерзімнің қатаң сақталуы қажет екенін атап өтті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button