Қарағанды облысында алаяқтық үшін сотталған әйелге қатысты рақымшылық туралы шешімнің күші жойылды. Instagram арқылы әйелдер киімін сататынын айтып, азаматтардан алдын ала төлем алған сотталушы жазасын өтеу кезінде қайтадан қылмыс жасағаны анықталып, оған бастапқыда тағайындалған 3 жыл 6 ай мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасы қайта күшіне енді.

Апелляциялық сатыдағы сот оған «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қолданып, жаза мерзімін 2 жыл 4 айға дейін қысқартқан.
Алайда сот актілерін тексеру барысында рақымшылықтың заңсыз қолданылғаны анықталды.
Заңға сәйкес, бұрынғы үкім бойынша жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылығы бойынша рақымшылықты қолдану туралы шешімнің күші жойылды.
Нәтижесінде сотталған әйелге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қайта тағайындалды.
Жанерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті



