Атаулы күннің құрметіне жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сайлау Әлиұлы құттықтап, ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы болып табылатын мемлекеттік рәміздердің қай кезде де маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.

Мерекелік салтанат үстінде ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, қызмет саласында абыройға бөленіп жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Мерекелік концерт бағдарламасында патриоттық әндер шырқалды, өнерпаз қыз-жігіттер жиналған қауымның көңілін көтеріп, шаттық сыйлады. Көкжасыл қарағай бүркенген Қарқаралының баурайындағы тұғырға орнаған көк байрақ қазақ елінің келешегі кемел екенін паш етіп, маусым айының самалымен асқақтай желбіреп тұрды.
Ермек БАЛТАШҰЛЫ
«Орталық Қазақстан»



