Руханият

Көңіліне билеткіш еді…

Жалпы ғадетінде: ақылынан гөрі махаббатын ардақтап, ақылдың суық сынынан қашып көңіліне билетіңкіреп отырушы еді. Бірақ, Құдайдың өзіне мол берген өткір сезімінің арқасында, айтпасақ та не ойлап, разы яки наразы болып жүргенімізді де бүлк еткізбей сезіп қоюшы еді.

Көңіліне билеткіштігі сондайлық, жас баланы әлпештеп шақырғанда ұмтылып келсе, қатты қуанып, қаны тартып біліп тұр деуші еді, егер келмесе, жатырқап қашса өкпелеп, ашуланып қалушы еді. Менің балам Жәбраһилді, әкемнің өлеріндегі науқасының басталғанында, менің шешем алып барып еді, әкем шақырды, туғалы көргені сол, жас бала шақырғанда лапылдап ұмтылып еді – «қаны тартып, жүрегі сезіп тұр» деп қатты рахаттанып қалды. Мен: «жоқ аға, нені біліп отыр дейсіз, әншейін ақымақтығынан ұмтылды ғой» деп едім, «сен білмейсің» деп мені тыйып тастап, қолындағы өрігінің етін сүйегінен айырып, баланың аузына салды.

Тұрағұл ҚҰНАНБАЕВ,

«Әкем Абай туралы» естелігінен.

Басқа материалдар

Back to top button