Қарқаралы

Жол жөнделеді

Жол азабын жүрген білер. Қарқаралы мен Қарағанды аралығындағы жолдың жағдайы сын көтермейді. Жыл сайын шақырымдап жүргізілетін орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жыртыққа жамау болмай тұр.

Ойдым-ойдым, шұрық тесік жолдың бойында қанша оқыс оқиғалар орын алып, аудан тұрғындарының наразылығын тудырып келеді.

– Қарағанды-Қарқаралы қалаларын жалғастыратын автомобиль жолы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» республикалық маңызы бар автомобиль жолына жатады және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның қарамағында. «ҚазАвтоЖолдың» мәлімдеуінше аталған автомобиль жолында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізу жоспарланған. Яғни, күрделі жөндеу жұмыстары 2022-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Ал ағымдағы жылы аталған жолдың екі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр,– дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылары көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Жанбота Жанатұлы.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button