АймақЖаңалықтарСпорт

Нұраның үкілеген үміттері

Облыс орталығында кіші жасөспірімдер арасында өткен Қарағанды қаласының ашық біріншілігінде Нұра ауданының жас спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.

Суреттер жүлдегерлердің жеке мұрағатынан

Жарысқа облыстың түпкір-түпкірінен, сонымен қатар Астана қаласынан оншақты команда қатысып, сынға түсті. Біріншілікке барған Нұра ауданының балуандары жерлестерін жерге қаратпай, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Нұралықтардың намысын қорғаған Ерасыл Ерболат 35, Бекболат Көшербаев 38, Жасұлан Ғабдулхамит 42, Әл-Мансұр Жанат 46 килограмм салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, тұғырдың үшінші сатысынан көрінді.

Спорттағы сапарын енді ғана бастаған балғын балуандар – Нұраның үкілеген үміттері жалықпай жаттығып, шеберліктерін одан әрі шыңдап, болашақта жерлестерін жаңа жеңістерімен қуанта береді деген үміт зор.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ
«Орталық Қазақстан»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button