Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық 11 боксшы Таразда шаршы алаңға шығады
Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қарағанды облысының 11 боксшысы шаршы алаңға шығады.

Бүгінгі жекпе-жектер екі рингте өтеді. Әйелдер арасындағы бәсекелер сағат 14:00-де, ерлер арасындағы кездесулер сағат 18:00-де басталады.
Қарағандылық былғары қолғап шеберлері тоғыз жекпе-жекте бақ сынайды.
14:00 | А рингі
- 1-жұп. 51 келі (әйелдер): Анита Адишева (Қарағанды) – Мөлдір Тойкова (Алматы облысы).
- 2-жұп. 51 келі (әйелдер): Диана Серікпаева (Ақмола облысы) – Томирис Мырзақұл (Қарағанды).
14:00 | В рингі
– 7-жұп. +80 келі (әйелдер): Үміт Әбілқайыр (Алматы) – Дина Исламбекова (Қарағанды).
18:00 | А рингі
- 4-жұп. 55 келі (ерлер): Нұрислам Бекен (Қарағанды) – Алмаз Нұрлан (Қарағанды).
- 8-жұп. 60 келі (ерлер): Әділбек Қожахан (Жетісу облысы) – Талғат Сырымбетов (Қарағанды).
- 14-жұп. 90 келі (ерлер): Азатбек Жолдасхан (Шымкент) – Нұрмағамет Юсупов (Қарағанды).
18:00 | В рингі
- 3-жұп. 57 келі (әйелдер): Малика Сатаева (Батыс Қазақстан облысы) – Алина Құдайгенова (Қарағанды).
- 5-жұп. 75 келі (ерлер): Дамир Синеев (Қарағанды) – Нұрсұлтан Шілдебай (Алматы).
- 6-жұп. 75 келі (ерлер): Еркебұлан Шайкенов (Жетісу облысы) – Еслам Тахиров (Қарағанды).
- 12-жұп. 90 келі (ерлер): Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) – Нұржан Думан (Қарағанды).
Қарағанды облысының намысын қорғайтын 11 боксшыға сәттілік тілейміз!
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



