Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Қазақстан чемпионатында қарағандылық боксшылар финалға шықты

Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Нәтижесінде Қарағанды облысының алты боксшы қызы қарсыластарынан басым түсіп, финалға жолдама алды.

Сурет бокс федерациясынан

6 қарашада өтетін шешуші бәсекелерде өңір спортшылары алты салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

48 келіде Гүлназ Бөрібаева Жамбыл облысының өкілі Айгерім Сәттібаевамен кездеседі. 51 келіде Анита Адишева Шымкент қаласының боксшысы Жансая Рахымбердімен қолғап түйістіреді.

65 келіде Аида Әбікейева Шымкент қаласының өкілі Лаура Есенкелдімен бақ сынайды. 75 келіде Азиза Исина Түркістан облысынан келген Шұғыла Нәлібаймен кездеседі.

80 келіде Айдана Убайдуллақызы Қостанай облысының өкілі Надежда Рябецпен күш сынасса, +80 келіде Дина Исламбекова Алматы қаласының боксшысы Елдана Тәліповамен жұдырықтасады.


Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button