Тайжан тұтынған аяқ-табақ

Қасиетті Ұлытаумен қолтықтасқан Айыртаудың баурайындағы «Қараталда» кіндік қаны тамып, ХІХ ғасырдың аяғында «Сегізден бастап сенделдім» өлеңімен аты шыққан, өткен ғасырдағы отызыншы жылдардың ортасында ерекше дәуірлеп, іле-шала «халық жауы» ретінде атылып кеткен Тайжан ақынның тағдыры мен шығармашылығы туралы көзіқарақты оқырман азды-көпті білуі тиіс.

Әрине, өмірі өлеңмен өрілген тума талант ғұмырының басым бөлігін ел арасында өткізді. Шынайы өнерге шөліркеген жұртшылық сауын айтып ас бергенде, той­томалақ өткізгенде сүйікті ақынын ат шаптырып алдыртып, әсем әнін түн қатып тыңдады. Бір қарағанға, жеке өмірі жоқтай көрінеді.

Ал, қалың елі талантына табынған Тайжанның көзден таса отбасылық тұрмысын ауыл­аймағы болмаса, былайғы жұрт біле бермесі анық. Қазір көзін көрген түгіл, ол жөнінде есті естелік естіген ересектің де қатары сиреп қалды. Тек бүгінге жеткен жәдігерге қарап, Тайжанның табиғатын там­тұмдап түсінгендей боласың.

Тайжан тұтынған ағаш ыдыс пен ағаш қасықты (суретте) ақынның туғанына 140 жыл толуына орай өткен желтоқсанда Жезқазған тарихи­археологиялық музейінде «Өресі биік өнер иесі» экспозициясы ашылғанда оның туған інісі Шубайдың келіні Гүлдәрі Оспанова тапсырған екен.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.