АймақЖаңалықтар
Ішкі істер министрлігі балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне назар аударуға шақырды
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен балаларға интернеттегі қауіптердің бірі – онлайн-груминг туралы ескертті.

Онлайн-груминг – қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында қолданатын қауіпті тәсілі. Әдетте мұндай байланыс әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе түрлі интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады.
Мамандардың айтуынша, қаскөйлер сенімге кіру үшін өздерін жасөспірім ретінде таныстырып, баламен ұзақ уақыт хат алмасуы мүмкін. Осыған байланысты ІІМ балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға және күмәнді байланыстардан сақ болуға шақырады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



