Жәдігер

Аңшыға серік «ОҚШАНТАЙ»

Қазақ тарихындағы дәстүрлі мәдениеттің ажырамас бөлігі – зергерлік өнердің алатын орны ерекше. Әшекей заттар мен күнделікті тұрмысқа пайдаланатын бұйымдардың жасалу жолына ерекше мән бере отырып, халық қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған. Зергер қолынан шыққан сондай бұйымның бірі – Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде тұрған оқшантай.

Білте мылтықтың оқ-дәрісін сақтауға арналған оқшантай екі ыдыстан тұрады. Бір-біріне былғары бау арқылы бекітілген сары жезден жасалған ыдыста оқтың дәрісі, былғарыдан тігілген қапшықта оқ сақталған. Бұл заттар аңшылар үшін таптырмас бұйым. Оқшантай белбеуге ілінеді. Ішіндегі оқ дәрінің шашылмауы әрі алуға ыңғайлы болу үшін ыдыстың жоғарғы жақтары сүйірлеу, төменгі жақтары доғал болып жасалады.Білте мылтықтың оқ-дәрісін сақтауға арналған оқшантай екі ыдыстан тұрады. Бір-біріне былғары бау арқылы бекітілген сары жезден жасалған ыдыста оқтың дәрісі, былғарыдан тігілген қапшықта оқ сақталған. Бұл заттар аңшылар үшін таптырмас бұйым. Оқшантай белбеуге ілінеді. Ішіндегі оқ дәрінің шашылмауы әрі алуға ыңғайлы болу үшін ыдыстың жоғарғы жақтары сүйірлеу, төменгі жақтары доғал болып жасалады.

– Әкем Рахымберген Жиенбеков сегіз қырлы адам болған. Темірден түйін түйген ұста, ағаш шебері балташы, тазы жүгіртіп, бүркіт ұстаған аңшы еді. Мен де жас кезімде аң ауладым. Бірақ, әкем «Балам, аңшы кәсіп емес, аңның да киесі болады. Мен еріккеннен аң ауламадым. Ел басына күн туған сәтте, ауыл адамдарына азық тауып беру ер-азаматтардың мойнында болды. Мен аңды адамдарды ашықтырмау үшін ауладым» деді. Ол кездегі аңшылар бес қаруын сайлап, атпен жүріп аң аулады. Әкемнен қалған шиті мылтық, бүркітінің томағасы, оқшантайды музейге тапсырдым. Жақсы жәдігердің халыққа жария болғаны дұрыс әрі өскелең ұрпақта ертеден жеткен ұлттық бұйымдарымызды білсін деген мақсат еді, – дейді Рахым Рахымбергенов.

Сағыныш ӘБІЛ,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button