Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда 3 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралары барысында қала көшелерінің бірінде шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жеңіл көлікті тоқтатады. Polisia.kz мәліметінше, аталған автокөлік тізгінінде 23 жастағы қала тұрғыны болған.

Сурет: Polisia.kz

– Жүргізілген тексеріс барысында көлік жүргізушісінің жол жүру ережесін өрескел бұзушы екені анықталып, оның жалпы сомасы 2 миллион 800 мың теңгеге 106 әкімшілік құқық бұзушылығы бары белгілі болды, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, тексеріс барысында автокөлік жүргізушісінде көлікті басқару кезіндегі міндетті сақтандыру полисі болмаған. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып тұраққа қойылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button