Спорт

Үздіктер үзеңгі қағысты

Футболдан Америка құрлығында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалы аяқталды. Сегіз команда келесі айналым жолдамасы үшін жан алысып-жан беріскен кездесулер өткізді.

Сурет fifa.com

Биылғы мундиальда жанкүйерлерді сүйсіндірген Норвегияның ұлттық құрамасы болды. Викингтердің ұрпақтары әр жеңістерінен кейін жасыл алаңда мыңдаған жанкүйерімен ескек есіп, рухтарын көтерді. Сөйтіп, спортшылар жаһан жұртының назары ауған чемпионатта өздерінің жауынгер бабаларының даңқын жаңғыртты. Сарапшылар ерекше дизайндағы жейде де осы жігіттерде екеніне назар аударуда.

Төрткүл дүние көз тіккен әлемдік доп додасының 1/4 кезеңінде норвегтер Англия құрамасымен ойнады. Жанкүйерлердің назары осы ойында болды. Чемпиондар лигасында да, Бундеслигада да Германияның Бавария сапында гол жаудырған әйгілі Харри Кэйн бар осында. Маркус Решфор, Энтони Гордон, Букайо Сака. Кіл мергендер. Жартылай қорғанысында Жуд Бэлингем, Дэклан Райс, Джордан Хэндорсон, Кобби Мэйну және тағы да басқа үздіктер. Сарапашылар дәл осы Англия құрамасын фаворит ретінде көрді. Норвегияны ірі есеппен жеңеді деген болжам болды. Бірақ ірі есеп тіркелген жоқ. Керісінше, Норвегия бірінші болып есеп ашты. Гол авторы – Шельдеруп. Англия құрамасы біраз әуреге түсті-ау. Реал Мадрид сапында сәтсіздеу маусым өткізген Жуд Бэлингем жасындай жарқырап, дубль жасады. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Сөйтіп, жанкүйерлердің махаббатына бөленген норвегтер отандарына қайтты.

Аргентина мен Швейцария арасындағы ойын 3:1 есебімен аяқталды. Футболдың гениі деп бағаланған Леонел Месси бастаған жігіттер басым түсті. Бұл матчта Хулиан Алварестің қапталдан айналдыра соққан добы керемет болды.

Чемпионаттың басты фавориттерінің бірі Франция құрамасы Морокконы үйлеріне қайтарды. Килиан Мбаппе мен Усман Депмеле бір-бір доптан соғып, басты қаһармандарға айналды.
Тағы бір фаворит Испания ұлттық құрамасы Белгияны 2:1 есебімен жеңді.
Жартылай финал тіпті қызық болмақ. Испания мен Франция, Аргентина мен Англия құрамасы ойнайды.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button