Руханият

Абайдың Сенатқа жолдаған шағымы

ҚР 1993 жылғы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» Заңында қуғын-сүргіннің басталу мерзімі көрсетілмеген, өткен тарихи оқиғаға сілтеме жоқ. Біздің заңмен аттас РФ-ның заңы қуғын-сүргіннің басталуын нақты «25 қазан (7 қараша) 1917 жыл» деп белгілепті. Бірақ, ең өкініштісі – екі заңда да саяси репрессияның себебі аталмай кетуінде. Ал, әртүрлі репрессияның, зорлық-зомбылықтың, зұлымдықтың, қорлаудың атасы да, анасы да – заңсыздық. Міне, осы заңсыздық репрессияның себебі ретінде айтылмаған. Өйткені, заңсыздықтың аты айқын аталса, күн тәртібіне міндетті түрде құқықтық жауапкершілік мәселесі қойылмақ.

Советтер билікке төңкеріспен келсе, ақ патша қазақ жеріне заңсыз, колониялдық ниетпен, оқ-қарумен XVII ғасырдан ене бастағаны белгілі. Опасыз жау отарлау ісін 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы» Жарлығымен бекітіп тастады да, колонизаторлық саясатқа қарсы шыққанның бәрін қуғын-сүргінге ұшыратып, құрбандыққа шалды. Сондықтан да, біз қазақ халқына қарсы жүргізілген саяси репрессияны 1917 жылға дейінгі уақыттан есептеуіміз қажет.

Дәлел ретінде Шыңғыстау болысының қазағы Ибраһим Кұнанбаевтың Сенатқа жолдаған шағымын құқықтық тұрғыдан талдап шығалық.

И.Құнанбаевтың «В Правительствующий Сенат Киргиза Чингизской волости, Семипалатинской области, того же уезда Ибрагима Кунанбаева» деген шағымы көрші елдің архивінен табылған…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 11.05.2023 №51 (23 227) санынан оқи аласыздар. 

Марат АЗБАНБАЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button