АймақБас тақырып

Қарағанды диқандары егіс науқанын табысты аяқтады

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында көктемгі егіс жұмыстарын қорытындылау және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттер облыс әкімдігі сайтынан

Жиынға селекторлық режим арқылы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысты.

Кеңесте еңбек өнімділігін арттыру, аграршыларды қолдау, ветеринариялық қауіпсіздік және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Биыл Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстары толық аяқталып,  ауыл шаруашылығы дақылдары 1 млн 231,2 мың гектар алқапқа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 50 мың гектарға артық. Жиында мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен агроөнеркәсіп саласына заманауи технологияларды енгізу мәселелері де талқыланды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button