Қарқаралы

Қарқаралыда Григорий Потанин тұрған үй жөнделуде

1900 жылы салынған ғимарат жөнделіп жатыр. Қарқаралының орталығында орналасқан бұл ғимарат қазір Қасым Аманжолов атындағы кітапхана. 1913 жылы бұл үйде орыс саяхатшысы, фольклоршы, түркі-моңғол мәдениетін зерттеуші, этнограф Григорий Потанин тұрған.

Қарқаралы қаласындағы Әлихан Бөкейханов көшесіндегі кітапхана – мемлекет қорғауындағы тарихи нысан.

– Қазіргі уақытта облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау инспекциясы арқылы “Тұран” ЖШС-мен келісім шарт жасалып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың шатыры толығымен ауыстырылады, қасбеті жаңартылады. Жертөлелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді кітапхана директоры Бағдат Бейсенова.

Қазір мердігер компания қызметкерлері бөлмелердің төбелері мен қабырғаларын ескі сылақтан тазартып, тегістеп, жаңадан бояуға дайындауда. Жұмыс барысында электр сымдары, ескі радиаторлар, терезелер, есіктер ауыстырылады. Барлық бөлмелерде жаңа линолеум болады, ғимаратта жуынатын бөлме, кіреберістегі пандус жабдықталып, баспалдақ жаңартылады. Жөндеу жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

Дереккөз:  LIFE09 ақпараттық порталы

Басқа материалдар

Back to top button