АймақҚарқаралы

Тау бөктерін жаңғыртып

Қарқаралы ауданында жыл сайын өткізілетін «Қыс мерекесі» жарысы биыл IX рет ұйымдастырылды. Оған әдеттегідей қала басындағы мекемелер мен мектептердің ұжымдары, тұрғындар, қала қонақтары қатысты.

Салауатты өмір салтыннасихаттау мен қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізілетін сайыстарға «Алыптар айқасы», «Сырғанақ тебу» сияқты атаулар берілді. Сонымен қатар, шаңғымен жүгіру және арқан тарту жарыстары да назардан тыс қалған жоқ. Оның алғашқысы болған сырғанақ тебу сайысына 11 команда қатысты. Солардың арасынан Қарағандыдан арнайы келген «Saryarqa Aqparat» ЖШС life09 командасы мен №1 орта мектеп спортшылары ширақтық көрсетіп бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарға №44 орта мектеп пен жұмыспен қамту мекемелері көтерілді. «Алыптар айқасында» Д.Алиева, М.Иманбаева, А.Иманбаевалар, ерлер арасында Н.Жайсаңбаев, Д.Кулькин, Н.Құрманғалиевтер алдына жан салмай жарыс биігінен көрінді. Сайыстардың қорытындысына айналған арқан тартуда аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі командасына шақ келер ешкім болмады. Олардан сәл ғана осалдық танытқан «Казпошта» спортшылары жүлделі екінші және №44 орта мектеп ұжымы үшінші орындарды жеңіп алып, тұғыр биігіне шықты.

Жеңімпаздар мен сайыс кезеңінде белсенділік танытқан командалар аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің арнайы әзірлеген кубок, медальдарымен марапатталды. Қарлы қыстың бір күнін айтулы мерекеге айналдырған демеушілер – Олжас Қабжанов, Думан Бейсенаев.

Дулат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ,

Қарқаралы ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button