Коронавирус

Төтенше жағдай режимін бұзған 64 адам қамалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қазақстандықтардың басым бөлігі төтенше жағдай режимі талаптарына түсіністік танытуда. Әйтсе де, бұған назар аудармай, өз өмірлерімен қатар қоғамға да қауіп төндірген тұлғалар анықталуда. 

“Өкінішке қарай, шектеулерге қарамастан барлық өңірде тойлар мен жиындар, салтанатты шаралар өтіп жатыр. Кафелер мен интернет-клубтар, балаларға арналған үйірмелер жұмыс істеп тұр. Осындай 313 дерек анықталды. 94 адам жауапқа тартылып, оның 64-і қамауға алынды», – деді Дәурен Абаев “Хабар 24” арнасының тікелей эфирінде. 

Қазір той тойлап, қыдыратын кез еместігін айтқан министр тұрғындарды көпшілік орындарға барудан бас тартуға, көшеге тек маскамен шығуға, адамдардан 2 метрге дейін қашық жүруге және жеке бас гигиенасын сақтауға шақырды.

Басқа материалдар

Back to top button