Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мыңға жуық көрермен жиналды
Теміртау қаласында Металлург күніне орай ұйымдастырылған ауқымды мерекелік концертке шамамен 65 мың адам жиналды. Қарағанды облысындағы ең ірі музыкалық шаралардың біріне қала тұрғындары, Qarmet компаниясының қызметкерлері, кәсіпорын ардагерлері және өңірдің әр аймағынан келген қонақтар қатысты.

Дәстүрге айналған мерекелік кеште M’Dee, Айқын, JazzDauren, Мирас Жүгінісов, Yenlik, «Ирина Кайратовна» және «Винтаж» топтары өнер көрсетті. Әртістердің жанды дауыстағы әндері, жарық шоуы мен ерекше сахналық қойылымдары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – «Ирина Кайратовна» тобының өнер көрсетуі. Танымал әндер орындалып, сахна алдындағы алаң мыңдаған адамның би алаңына айналды. Топ мүшелері Теміртау тұрғындарын Металлург күнімен құттықтап, қаланың Qarmet кәсіпорнымен тығыз байланысын ерекше атап өтті.

Концерттің шарықтау шегі «Винтаж» тобының өнер көрсетуімен жалғасты. Топтың солисі Анна Плетнева сахнадан теміртаулықтарды кәсіби мерекемен құттықтап, қала тұрғындарына жылы лебізін жеткізді. Мыңдаған көрермен көпшілікке танымал әндерді бірге орындап, ерекше мерекелік көңіл күй қалыптастырды.

Мерекелік кештің қорытындысы ретінде қала аспанын әсем отшашу жарықтандырды. Отшашу металлургтердің еңбегіне көрсетілген құрметтің символына айналды.

Металлург күні Теміртау мен металлургия комбинатының өзара тығыз байланысын тағы бір мәрте айқындады.

Qarmet ұйытқы болған еңбек адамдарының мерекелік кешінде олардың кәсібилігі мен көпжылдық еңбегі құрметтелді.



