Жаңалықтар

Металлургтерді ұлықтаған мурал

Балқаш қаласында еңбек адамын ұлықтайтын тағы бір көркем туынды ел назарын өзіне бірден аударды. Балқаш мыс қорыту зауытының орталық кіреберісі маңындағы ғимарат қабырғасына ауқымды мурал сызылды.

Сурет автордан

Биіктігі он метрден асатын қабырға суреті өндіріс саласы мен еңбек адамын дәріптеуге арналған. Композицияның негізгі кейіпкерлері – металлургтер. Авторлардың айтуынша, таңдалған тақырып металлург мамандығына деген құрмет, сондай-ақ, қаланың өндірістік дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарын бейнелейді. Жаңа мурал өндірістік аймақтың келбетіне ерекше көрік беріп қана қоймай, еңбек адамының төзімі мен қажырын айшықтап тұр. Сонымен қатар, мурал жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеруді көздейді.

Айта кетейік, Балқашта бұған дейін де осындай шығармашылық жобалар сәтімен жүзеге асырылған. 2020 жылдың желтоқсанында қаланың 10-ықшамауданындағы тұрғын үйдің қабырғасына суретші Абылайхан Аманжолдың авторлығымен «От пен мысты бағындырғандар» атты мурал бедерленген болатын. Бүгінде бұл туынды ауданның сәулеттік келбетін айшықтап тұрған көркем нысандардың біріне айналды.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
БАЛҚАШ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button