Шет ауданы Мойынты станциясында Қарағанды торабының теміржолшылары ардагерлермен бірлесіп, «Мойынты-Шу» теміржол учаскесінің пайдалануға берілгеніне 70 жыл толуына орай салтанатты түрде мемориалдық тақта орнатылды.
«Мойынты-Шу» теміржол желісінің құрылысы бір мезгілде екі жағынан басталды: Қарағанды теміржолының Мойынты станциясынан және «Түркістан-Сібір» теміржолының Шу станциясынан. Ол 1953 жылы аяқталды. «Мойынты-Шу» болат магистралі елдің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырды, республика экономикасын нығайтуда маңызды рөл атқарды. Жол бойында бірнеше станция, депо салынды. Вокзалдармен, жолаушылар платформаларымен қатар тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар салынды. «Мойынты-Шу» тармағының құрылысы халықтық деп жарияланды. Оған республиканың 12 облысынан екі мың адам қатысты.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ