Қазақстан құрамасы – Азия чемпионатының қола жүлдегері
Қазақстан құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта өткен су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша XII Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтады. Ұлттық құрама жалпыкомандалық медальдық есепте 49 жүлде иеленіп, тек Жапония мен Қытай құрамаларына жол беріп, құрлықтық біріншілікте 3-орынға тұрақтады.

Чемпионат барысында қазақстандық спортшылар жүзу, суға секіру, су добы және әртістік жүзу жарыстарында сәтті өнер көрсетті. Әсіресе, әртістік жүзу құрамасы ерекше көзге түсіп, 25 медаль (14 алтын, 7 күміс, 4 қола) жеңіп алды. Сонымен қатар, жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық трофейге ие болды.
Жалпы есепте Қазақстан қоржынына 49 медаль түсті. Бұл нәтиже ұлттық құраманың Азиядағы жас спортшылар арасындағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп, халықаралық аренадағы жоғары деңгейін көрсетті.
Диас СЕЙІЛҒАЗИН
Ortalyq.kz
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ Ortalyq.kz


