Бас тақырып

Қарағанды экопаркіне күзде тағы 5 000 түп ағаш егіледі

Биыл көктемде Майқұдықтағы “Көгілдір тоғандар” мен Оңтүстік-Шығыс шағынауданының аралығында аумағы 200 гектар болатын жаңа экопарктың негізі қаланды. Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының хабарлауынша, мұнда 4 мыңнан астам емен және алма ағашы, қарағай және қарағаш отырғызылды. Көшеттердің басым бөлігі жерсініп, жақсы өсіп келеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жасыл желекке қалай күтім жасалып жатқаны туралы мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының басшысы Дәулет Маханов айтып берді.

Экопаркте күн сайын арнайы бригада жұмыс істейді. Күнделікті суару ұйымдастырылған, суға арналған 180-нен астам бөшке орнатылған, тамшылатып суару жүйесі жұмыс істейді. Су таситын көліктермен Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі көмектесуде. Бір ұңғыма қазылып болды, екіншісі дайындалып жатыр. Одан кейін мұнда магистральдық құбыр тартылады, сонда бөшкелерді пайдаланудың қажеті болмайды,– деді Дәулет Маханов.

Мамандардың айтуынша, барлық көшеттердің жағдайы тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта көшеттердің шамамен 5%-ы табиғи бейімделу кезеңінен өтіп жатыр, сондықтан олардың кейбірі әлсіз көрінуі мүмкін. Оларды қалпына келтіру үшін тыңайтқыштар мен дәрумендер беріледі, сондай-ақ топырақ үнемі қопсытылып отырады.

Экопаркті көгалдандыру жұмыстары осы күзде де жалғасады. Мұнда тағы шамамен 5 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button