Бас тақырыпСпорт

Дастан Сәтбаев «Челсидегі» алғашқы матчында дебюттік голын соқты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев дәл қазір Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамындағы алғашқы ойынын өткізуде.

Сурет Дастан Сәтпаевтың жеке парақшасынан

Челси командасының бас бапкері Хаби Алонсо 17 жастағы қазақстандық футболшыны Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуге алғашқы минуттардан бастап шығарды. Бұл шешім өзін ақтады. Сәтбаев матчтың 7 минутында қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.

Еске сала кетейік, «Челси» мен «Вестерн Сидней Уондерерс» арасындағы кездесу Сиднейдегі «Аккор» стадионында, клубтың Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтіп жатыр. Дастан Сәтбаев 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челсидің» ойыншысы атанады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button