Бас тақырыпСпорт

«Шахтер» турнир кестесінде көш бастады

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Бірінші лиганың кезекті турында «Тобыл» жастары командасын 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Жеңіс нәтижесінде команда көш басындағы орнын нығайтып, жанкүйерлеріне кезекті қуаныш сыйлады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жеңістің футболшылар мен бапкерлердің қажырлы еңбегінің, сондай-ақ клубты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

«Шахтер» маусым бойы тұрақты ойын өрнегін көрсетіп келеді. Команда қазіргі таңда  Премьер-лигаға оралу жолында маңызды ұпайлар жинап жатыр.

Жанкүйерлер қарағандылық клубтың  алдағы кездесулерде де сәтті өнер көрсететініне сенімді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button