АймақБалқаш

Мәдениет – ұлттың мәйегі

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанат Балқашта да жалғасын тапты. Өнер және мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлер қатысқан шарада қала басшысы Сапар Сатаев қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. Жоғары нәтижелері мен адал еңбектері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, саланы қарқынды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдағанын атап өтті.

Сурет ұйымдастырушылардан

– Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтудің маңызы зор. Бұл осы сала өкілдерінің әрқайсының атқарған орасан зор рөлін еске салады. Еңбегін бағалау деп білемін. Сіздерсіз дамуымызға, рухани баюымыз­ға аса маңызды көптеген мәдени шараларды өткізу мүмкін емес. Сонымен бірге, мәдениет пен өнер ең маңызды құндылық. Оларсыз адам тұтас, дамыған, рухани бола алмайды. Мәдениет пен өнерді мерекелеу – мәдени мұраны сақтаудың, патриотизмді тәрбиелеудің төте жолы, – деді қала әкімі Сапар Сатаев.

Сала мамандары Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – бұл жай ғана мереке емес, қоғам өміріндегі мәдениет пен өнердің маңыздылығын мойындау деп тілге тиек етті. Бұл күні өңірдің әрбір тұрғыны біздің өмірімізді бай әрі қызықты ететіндерге өз ризашылығын білдіре алатын күн екендігін айтты.

Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен ұжымдар, өнер майталмандары марапатталды.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button