Ұлттық ұланда жылжымалы асхана пайда болды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде IVECO шағын автобусының базасында жылжымалы асхана жабдықталды. Енді автокөлікті стационарлық асхана жоқ далалық және қызметтік жағдайларда әскери қызметшілерді тамақтандыру үшін қолдалануға болады.

Мұндай шешімнің қажеттілігі Қазақстанның континенттік климатының ерекшеліктеріне, әсіресе күзгі-қысқы кезеңге байланысты туындады. Жылжымалы асхана қызметтік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Шағын кеңістік жеке құрамның күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып өзгертілді. Мобильді тамақтану орны алты адамға арналған және азық-түлікті сақтауға, дайын тағамдарды жылытуға және тамақтануды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Салонда алынбалы шкаф, микротолқынды пеш, электр шәйнек және үстел бар.

Гигиенаны сақтау жағдайлары да ескерілген. Шкафта екі контейнер бар: біреуі қолды жууға қажетті таза су үшін, екіншісі пайдаланылған суды жинауға арналған. Тұрмыстық жабдықтар инвертор арқылы қамтамасыз электрмен етіледі.

Мобильді асхананы құру кезінде микроавтобусты мақсатына сай пайдалану мүмкіндігін сақтау маңызды болды. Сондықтан барлық жабдықтар корпусты бұрғыламай және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізбестен штаттық бекітпелерге орнатылды. Бұл артқы есіктерді ашуға және жүк бөлімін пайдалануға кедергі келтірмейді, сондай-ақ азық-түлік пен қажетті керек-жарақтарды еркін жүктеуге және түсіруге мүмкіндік береді.

Шешімнің тағы бір ерекшелігі — көлікті бастапқы күйіне тез қайтару мүмкіндігі. Асхананың барлық элементтері алынбалы. Қажет болса, оларды бөлшектеуге және стандартты орындықтарды өндіруші қарастырған бекіту орындарына орнатуға болады.
Қазір мамандар жаңа шешімнің практикалығын және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану мүмкіндігін бағалауда. Егер пилоттық жоба өзінің тиімділігін растайтын болса, жылжымалы асханалар құқықтық тәртіп әскерінің басқа да әскери бөлімдерінде пайда болуы мүмкін. Бұл стационарлық инфрақұрылым қолжетімсіз жағдайларда жеке құрамды тамақтандыру мүмкіндіктерін кеңейтпек.
Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



