Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

«Шахтер» Бірінші лигада «Академия Оңтүстік» командасын жеңді

Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан Бірінші лигасының 24-туры аясында өз алаңында шымкенттік «Академия Оңтүстік» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Сурет клубтың ресми парақшасынан

Кеншілер сапынан қос голды да Артем Литош соқты. Ол матчтың 50 және 79-минуттарында дубль авторы атанды. Ал 20-минутта Шерхан Асанбек алаңнан қуылып, қонақтар ойынның қалған бөлігін бір адамға кем құрамда өткізді.

Осылайша, «Шахтер» ұпай санын 65-ке жеткізіп, Бірінші лига турнирлік кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты. Ал «Академия Оңтүстік» 43 ұпаймен төртінші орында келеді.

Келесі, 25-турда қарағандылық клуб 16 қазанда сырт алаңда түркістандық «Тұранмен» кездеседі. Ал «Академия Оңтүстік» 15 қазанда қонақта «Арыс» командасымен ойнайды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button