АймақБас тақырып

Салтанат Молдекеева: Мемлекеттік көмектің мұқтаж жандарға жеткенін қалаймыз

Балқаш қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Салтанат Молдекеева жолдасымен ақылдаса келе, мемлекеттік жәрдемақыдан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Оның айтуынша, әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж азаматтарға жетуі керек.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Салтанат Молдекеева 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж жандарға бағыттауға арналған жаңа бастамалар туралы естігеннен кейін осындай шешімге келген. Ол бұл қадамды әлеуметтік қолдаудың әділдігі мен атаулылығын арттыруға қосқан үлесі деп санайды.

– Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау жөніндегі 2027 жылдан бастап енгізілетін жаңа бастамалар туралы естідік. Мұны әлеуметтік қолдаудың әділдігі мен атаулылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам деп санаймыз. Біз де көпбалалы отбасы ретінде бұл мәселені жолдасым екеуміз ақылдаса келе, мемлекеттік жәрдемақыдан бас тарту туралы шешім қабылдадық.

Біз мемлекеттік көмектің шын мәнінде мұқтаж жандарға жеткенін қалаймыз. Өйткені әлеуметтік әділдік пен өзара қолдау әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігімізден басталады. Елімізде әрбір отбасы аман, әрбір бала бақытты болсын! Ал мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек мұқтаж жандарға дер кезінде жетіп, олардың өміріне үміт пен сенім сыйласын! – деді Салтанат Молдекеева.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button