ЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық дзюдошы Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ Жазғы Азия ойындарында дзюдодан командалық сайыс мәресіне жетті.

Сурет дзюдо федерациясынан

Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды облысының спортшысы, жерлесіміз Аида Тойшибекова командалық жарыста күміс медаль иеленді.

Жерлесіміздің бұл нәтижесі – Азия ойындарындағы ел құрамасының қоржынына қосылған кезекті жүлде. Аида Тойшибекова жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, команданың жүлделі орынға ие болуына үлес қосты.

Қарағанды облысының спортшысы Аида Тойшибекованы және оның жеке жаттықтырушысы А.В. Гуденокты Азия ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button