Ұлттық құрама қазан айындағы соңғы ойында тең түсті
Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі кезекті кездесуін тең нәтижемен аяқтады.

6 қазанда Астанадағы «Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Кездесу Ұлттар лигасының С лигасындағы 4-тур аясында өтті.
Бірінші таймда есепті қонақтар ашты. 22-минутта Петур Кнудсен гол соғып, Фарер аралдарын алға шығарды. Екінші таймның 63-минутында Геза Давид Тури есепті 2:0-ге жеткізді.
Қазақстан құрамасы ойын соңына қарай таразы басын теңестірді. 68-минутта Сергей Малый алыстан дәл соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты. Ал 76-минутта Нұралы Әліп Максим Самородовтың пасынан кейін баспен гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша, ұлттық құрама қазан айындағы соңғы кездесуін тең нәтижемен аяқтады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



