НұраАймақБас тақырып

Нұрада мәдениет ошақтары жаңғыртылуда

Ауыл дамуының маңызды қадамы мәдениет нысандарын жаңғырту деп есептейтін Нұра өңірінде ауылдық елді мекендердің мәдени инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Суреттер автордан     

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында бірқатар ауылдардағы мәдениет ошақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Жараспай аулындағы Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат жаңартылды.

Қайнар және Көбетейауылдарындағы Мәдениет үйлеріне блок-модульді қазандықтар орнатылып, мәдениет нысандарын жылумен қамтамасыз ету жағдайы жақсартылды.Мәдениет ошақтарын жаңғырту – ауыл тұрғындарының мәдени өмірге белсенді қатысуына, балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған шара. Ауыл мәдениетін дамыту – ұлттық құндылықтарды сақтауға, ауылдың әлеуетін арттыруға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.

Мәдениет үйі – ауылдың рухани өмірінің маңызды орталығы. Мұнда ұлттық салт-дәстүрлердәріптеліп, тұрғындардың өнері мен шығармашылық мүмкіндіктері дамиды, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, ұрпақтар сабақтастығы нығаяды.



Конституцияда көрініс тапқан ұлттық мәдениетті сақтау
және жаңғырту, адам игілігін басты орынға қою, сонымен біргеқоғамның рухани дамуына жағдай жасау қағидаттары осындай нақты жұмыстар арқылы жүзеге асады.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button