Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар тағайындалады

Қазақстанда музыка және бейнелеу өнері саласының өкілдеріне арналған жаңа мемлекеттік наградалар енгізіледі. Тиісті заң жобасын Құрылтай депутаттары екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдады.

Cурет gov.kz

Заңнамалық түзетулер Мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымының алғашқы сессиясында мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру жөнінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Құжатта отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін «Шәмші Қалдаяқов» медалін тағайындау қарастырылды.

Сонымен қатар бейнелеу өнерінде үздік туындылар жасап, ұлттық көркем мәдениетті дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғаларға «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы беріледі.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button