Еліміздің бас ревматологы Қарағандыға келді
Қарағанды қаласының облыстық клиникалық ауруханасына Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы, «Еуразиялық ревматологтар лигасының» президенті Ғалымжан Тоғызбаев келді. Кездесуде ревматология бөлімшесін ревматологиялық орталыққа өзгерту мәселесі сөз болып, Ғалымжан Асылбекұлы дәрігерлермен, науқастармен әңгімелесті.
Облыстық клиникалық ауруханасы терапевтік орталығының ревматология бөлімінде 8 ревматолог дәрігер жұмыс істейді. Бөлімше бір мезгілде 50 науқасты қабылдай алады. Тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханада төсек-орындарының саны аз болғандықтан науқастар порталда екі айдан астам кезек күтуге мәжбүр. Осыған байланысты бөлімнің мәртебесін ревматологиялық орталыққа өзгерту туралы мәселе көтерілді.
– Облыстық клиникалық аурухана мен Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасыда аймақтағы медициналық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ревматологиялық науқастарды емдеудің қазіргі мүмкіндіктері мен орталықты ұйымдастыру перспективалары талқыланды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологының айтуынша, бөлімнің мәртебесін өзгерту ревматикалық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жақсартуға және ұқсас аурулары бар науқастарға көрсетілетін көмек деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның бірнеше қаласында ревматологиялық аурулармен ауыратын науқастармен айналысатын, сондай-ақ ауруларды зерттейтін мамандандырылған орталықтарды ұйымдастыру да жоспарлануда, – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл өзгерістер пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартатынын айтады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ