АймақБалқашБас тақырып

Балқаш әуежайы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен толық аяқталды

Балқаш қаласында заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары аясында жүзеге асырылған маңызды инфрақұрылымдық жоба аяқталды. Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен Балқаш әуежайына ауқымды реконструкция жүргізіліп, нысан толықтай жаңғыртылды. 

Суретті түсірген Е.Ерболат

Жоба Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының мемлекетке қайтарылған активтерді әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағыттау жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылды. Осы бастама негізінде Қарағанды облысына бөлінген қаражаттың бір бөлігі Балқаш қаласының әуежайын қайта жаңғыртуға бағытталды.

Реконструкция нәтижесінде әуежайдың көлік инфрақұрылымы заман талабына сай жаңартылып, ұшу қауіпсіздігі артты, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы жақсарды. Сонымен қатар жаңғырту жұмыстары өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін дамытуға, жаңа экономикалық мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button