Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 22 маусымда «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қарағанды облысының ақпараттық-талдау орталығы» КММ, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және «Saryarqa aqparat» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізу жоспарлануда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік органның, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметіне қатысты сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, 8 (7212) 50 44 01 (ішкі нөмірі 6296) телефоны арқылы немесе e.oleinik@akimat09.kz электрондық поштасына хабарласуларыңызды ұсынамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті.

Әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді қатысып, жеке үлес қосуға шақырамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button