АймақЖаңалықтар

16 маусымнан бастап Ермеков көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС хабарлауынша, 16 маусымнан бастап Ермеков көшесінде жылу желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады.

Суретті түсірген автор

Теплотранзит Қарағанды” ЖШС мәліметінше, жөндеу жұмыстары №39 үй маңындағы аумақта жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара шектеліп, жолақтардың бірі уақытша жабылады. Алдын ала жоспар бойынша жөндеу жұмыстары шамамен екі күнге созылады, жұмыстардың нақты ұзақтығы атқарылатын техникалық шаралардың көлеміне және орындалу барысына байланысты өзгеруі мүмкін.

Мамандар жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша енгізілген шектеулерді ескеруді және жөндеу жүріп жатқан аумақтан өту кезінде ерекше сақтық танытуды ұсынады. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша қойылған белгілердің талаптарын қатаң сақтау және жылдамдықты төмендету қажеттігі ескертіледі.                                                                                                                                          Фархат МҰРАТ,
                     КарҰЗУ-дың ll курс студенті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button