Тозығы жеткен су құбырларының жаңасына ауыстырылуына байланысты «Балқаш Су» ЖШС қала бойынша суық судың бір тәулікке тоқтатылатынын хабарлады.
– Құрметті балқаштықтар! 2023 жылдың 22 қарашасы сағат 00:00-ден бастап, «Балқаш Су» ЖШС-нің бас сорғы стансасында суық суды өшіру жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Жабдықтың жоспарлы түрде тоқтатылуы суық су желісінің ескі, тозығы жеткен желіден жаңа суық су желісіне қайта қосылуымен байланысты, – деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі.
Жұмысты мердігер ұйым «Мелиоратор» ЖШС «Балқаш Су» ЖШС-мен бірлесіп жүргізбек.
Қала әкімдігі тұрғындардың бір тәулікке жетер ауыз су қорын жинап алуды сұрайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ